Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ұйытқы болуымен этномәдени бірлестіктердің қолдауымен «Достар» мәдениет сарайында өткен қайрымдылық шарасы барысында көпбалалы, аз қамтылған отбасылардағы, жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қайрымдылық көмек көрсетілді.
«Бізге осындай көмек көрсетіп жатқан жандарға алғысымыз шексіз. Осындай зәулім сарайда балалармен араласып жүргеніме қуаныштымын», - дейді 10 жасар Вова Канканьян.
Шара «Әулет» оқу-әдістемелік орталықтары шығармашылық ұжымдарының орындауындағы концерттік бағдарламаға ұласты.