Көкшетауда «Азиада алауы» іс -шарасына әзірлік шаралары аяқталды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімованың төрағалығымен «Азиада алауы» іс-шарасының әзірлік шаралары қарастырылып, соған орай дайындық жұмыстары қорытындыланды.

Басқосуға алдағы алау шеруіне облыс орталығынан отыз, ал Щучье қаласынан осынша белгілі спортшылар, спорт журналистері, қалалардың құрметті азаматтары, жастар бірлестіктерінің белсенділері қатысатын болады. Оларға бір үлгіде киім тігіліп, алауды алып жүру бағыттары айқындалған. 22 қаңтар күні Көкшетау қаласында алау шеруі 20 спорттық нысанды, орталық алаңдарды, қаланың көрікті аймақтарын аралап, алдағы Қысқы Азиаданың мән-мағынасы, спорттың маңызы жайында үгіт-түсінік шараларына қатысады. Шеруге елімізге есімі кеңінен белгілі спортшылар Мереке Жүсіпов, Руслан Мусинов, Мария Грабовецкая, Жамал Панахов, спорт журналисі Қалымбек Мұхамеджанов және басқа да баспасөз, мәдениет өкілдері қатысатыны тиянақталған. Бұл күн өңір үшін үлкен маңызы бар спорт мерекесіне ұласпақ.