Көкшетауда белгісіз әйел мектеп ғимаратына «бомба» қойып жұртты дүрліктірді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда белгісіз әйел № 11 мектеп ғимаратына «бомба» қойылғаны жөнінде жалған ақпарат таратып, жұртты дүрліктірді.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісіне құқық қорғау органдарының қызметкерлері хабарлады.

«Бүгін кешкі сағат 18:00 шамасында белгісіз әйел Көкшетаудағы № 11 мектеп ғимаратына «бомба» қойылғанын айтып хабарлады. Оқиға орнына дереу жеткен арнайы қызмет өкілдері білім ордасынан ешқандай жарылғыш зат таппады.

Қазіргі кезде, жалған ақпарат тартқан күдікті әйел анықталу үстінде», деп көрсетілген хабарламада.