Облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылған шараны қала тұрғындары мен қонақтары қатысып, тамашалады.
«Posadi DDerevo.kz» қоғамдық қорының төрайымы ЕвгенияБеляеваның мәліметінше, бірінші фестиваль 2013 жылы Алматы қаласында өткізіліп,екі жүз елу қатысушы жиналған екен.
«Осыдан екі жыл бұрын «ЯРКО кросс» Ақмола өңіріндеалғаш рет Бурабай курортында өткізілді. Жыл өткен сайын қатысушылардың саныартуда. Бұл жолы бұл шараға қатысуға тілек білдіргендердің саны 500 адам, болсанақты қатысқаны мыңнан асты», - дейдіЕвгения Беляева.
Айта кетукерек, аталмыш қайырымдылық шарасыбиылғы жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында да ұйымдастырылды.Қатысушылар 5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Сондай-ақ, қатысушылардыңарасында әртүрлі ойындар өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылды.Көкшетауда ұйымдастырылған шараға «Көкшетау минералды сулары» АҚ демеушіліккөмек көрсетті.