Көкшетауда бойжеткенді зорлаған күдікті ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда Ұлттық ұлан сарбаздары бойжеткенді зорлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық ұланныңбаспасөз қызметінен мәлім еткендей, ағымдағы жылдың 3 тамызында сағат 22:00шамасында жедел басқару орталығына Назарбаев даңғылында белгісіз ер адамныңбойжеткенді зорлағаны туралы ақпарат түскен.

«Оқиға орнынаәскери жасақтың лейтенанты Жандос Әлжанов, патрульдеу жүргізетін қатардағы сарбаздар Руслан Оразхан, Нұржан Тасболат,Минетай Кабез жетіп, алдын ала берілгенбағыттама бойынша күдіктіні іздестіру шараларын қолға алады.

Жедел іздестіру шарасыкезінде әскери жасақ пен полиция қызметкерлері күдіктіні көпке ұзатпай ұстады. ОлКөкшетау қаласының 1979 жылғы тұрғыны болып шықты. Күдікті қылмысын мойындағанытуралы түсініктеме берді. Қырағылық пен жеделдіктің арқасында күдікті ұсталып,уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деді ведомствоның баспасөзқызметінен.

Ақмола облыстық Полициядепартаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, факті бойынша қылмыстық ісқозғалды.

«Қазіргі кезде осыоқиға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ПД-дан.