Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 тамыз сағат 16.25-те «101» пультіне Көкшетаудағы Абай даңғылы, 82 мекен-жайындағы («Алтын ғасыр» СҮ) «Absheron» дәмханасынан өрт шыққаны туралы хабар түскен.
«Оқиға орнына ТЖД 17 қызметкері мен 4 техника жіберілді. 12 шаршы метр аумақта дәмхананың шатыры жанып жатқаны белгілі болған. Өрт 16.38-де ауыздықталып, 16.50-де сөндірілді. Ешкім зардап шекпеген. Аталған факті бойынша өрт-техникалық зерттеу тағайындалды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деді Көкшетау қалалық ТЖБ бастығы Әсет Жақсылықов.
Өңір құтқарушылары жергілікті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, төтенше жағдай болғанда бірден «101» немесе «112» құтқару қызметіне хабарласуға шақырды.
Авторы: Оксана Матасова