жоғары және арнаулы оқу орындарынан, мектептер мен мектеп жасынан дейінгі мекемелерден 25 мыңға тарта адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы бастығының орынбасары Владимир Светличныйдың айтуынша, бұл жолы фестиваль бағдарламасы роликтер, самокаттар, балалар велосипедтері, скайтборд жанкүйерлерінен бастау алып, «Тәуелсіздік» алаңында аяқталды. Артынша мемлекеттік қызметшілер, мектеп оқушылары, студенттер, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің қызметкерлері Президенттік шақырымға жүгірді. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс- шаралар жалғасын тауып, ән мен биге ұласты.