Ведомствоның мәліметінше, сыртқы ауа температурасының төмендеуіне байланысты Көкшетау қаласы әкімінің 21 қыркүйектегі қаулысына сәйкес «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорнына қалаға жылу жіберу туралы тапсырма берілген.
«Осы қаулыға сәйкес қыркүйектің 21-і күні түнгі сағат 24:00 дейін мектеп және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына, оқу орындарына, емдеу-алдын алу мекемелеріне, балар үйлері-интернатына, мүгедектер үйінен жылу берілсе, қыркүйектің 21-і күні түнгі сағат 24:00 дейін тұрғын үйлер мен мемлекеттік әкімшілік ғимараттарға және өзге де жылу энергиясын тұтынушыларға жылу жіберіледі» дейді ведомстводан.