Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, белгісіз біреулер Есенберлин көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерге кіріп, үй иесі – 83 жастағы ер адам мен оның 77 жастағы жұбайын өлтіріп кеткен. Ерлі-зайыптылардың денесі бүгін, 30 сәуір күні таңертең табылған.
«Қазіргі кезде аталған ауыр қылмыстың бетін ашу бойынша Полиция департаменті жедел-іздестіру шарасын жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ПД баспасөз қызметіндегілер.