Көкшетауда екі топқа бөлініп төбелескен жастардың үстінен іс қозғалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда екі топқа бөлініп төбелескен жастардың үстінен ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 6 маусымда облыс орталығындағы «Шафран» дәмханасында сөзге келіп қалған жастар көшеге шығып, екіге бөлініп төбелескен .

«Осы оқиға негізінде Көкшетау қалалық полициясы кінәлілерге қатысты ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша іс қозғады. Күдіктілердің үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды, тағы екеуін ұстау үшін жұмыс жүріп жатыр» дейді ведомстводан.

ПД қызметкерлері атап өткендей, бұл әрекет үшін 3 жылдан 7 жылға дейін жауапкершілік қарастырылған.