Көкшетауда екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары мектепке бармайды
11:21, 26 Желтоқсан 2023
Көкшетау мектептерінде екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары онлайн оқитын болды, деп хабарлайды Kazinform.
«Қатты көктайғақ пен желдің жылдамдығы 30 м/с дейін күшейуіне байланысты 26 желтоқсан күні Көкшетау қаласы мектептерінің екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды», - делінген қалалық білім бөлімінің хабарламасында.
Еске салайық, ауа райына байланысты 5 облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды.