Көкшетауда екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары онлайн оқиды
13:27, 11 Қаңтар 2024
Көкшетау мектептерінде екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары онлайн оқитын болды, деп хабарлайды Kazinform.
«Ауа температурасының минус 26 градусқа төмендеуіне байланысты 11 қаңтарда Көкшетау қаласы мектептерінің екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды», - делінген қалалық білім бөлімінің хабарламасында.
Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары үйден оқитынын жазған едік.