Бейнежазбада көрсетілгендей кептелістің М.Горький жəне Абай көшелерінің қиылысында орын алған. Қарбалас сəтте бағдаршам істемей, жол қозғалысын үстіне спорттық киім киген ер адам реттеп тұрғанын байқауға болады. Артынша кептеліс орын алған жерге жол полициясының қызметкері келеді. Алайда, оған дейін ер адам көлік кептелісін таратып үлгерді. Өз кезегінде көлік жүргізушілері де ер адамның командасын бұлжытпай орындап, жол көлік оқиғасына жол берген жоқ.
Мужик, красава✊🏻✊🏻✊🏻 @kokshevideogram
A post shared by КОКШЕТАУ КЗ ЛЮДИ НОВОСТИ (@kokshevideogram) on Aug 20, 2018 at 6:07am PDT