Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне қарағанда, аталмыш жоба бойынша қалалық автопарктердегі автобустардың 40-50 пайызын жаңғырту жоспарланған.
Осы мақсатта автобустардың тұтынушылық, пайдалану мерзімі жəне экономикалық мүмкіндіктері сараланып, қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанынан бастап, 16 желтоқсанға дейін Көкшетау қаласы бойынша "Еуро-5" талабына сай үлкен жəне шағын автобустар сынақтан өткізіледі.
Кейін дилерлер мен автобус шығарушылар қала әкімдігінің шешімімен қандай автобустардың қолданысқа қажет екенін анықтайтын болады.
Сондықтан, сынақ мерзімі кезінде қаланың кез келген тұрғыны бұл жаңа қоғамдық көліктерге қатысты қызмет сапасы жөнінде ұсыныс жасай алады. Ол үшін (87162) 90-10-80 телефон нөмірі арқылы Call-орталыққа хабарласуына болады.