Көкшетауда «EXPO-2017» арналған іс-шаралар өтуде
Бұл туралы «Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы» ММ баспасөз хабарламасында айтылған.
«Дөңгеле үстелге» «Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстары» зертханасының меңгерушісі, техника ғылымының докторы, профессор, БҰҰ қоғамдық ақпарат департаменті жанындағы Халықаралық экология және қауіпсіздік академиясының академигі Қайролла Байшағыров, «Education Invest» ҚҚ төрайымы Мәриям Әбішева, «Sara» ҚҚ төрайымы Сара Баймағанбетова, «Көлдерді қорғау» ҚҚ директоры Марина Матвеева, сондай-ақ, ЖОО магистранттары қатысты.
«Дөңгеле үстел» барысында Қазақстанда «EXPO-2017» көрмесін өткізудің маңыздылығы, ел экономикасына «жасыл» технологияларды енгізу мәселелері және т.б. талқыланды. Профессор Қайролла Байшағыров Қазақстандағы «жасыл» экономика стандарттарын ұсыну құралдарының бірі ретінде өзі жасап шығарған жел генераторлары туралы әңгімелеп берді.
«Біз Қазақстанда «EXPO-2017» көрмесін өткізуге арналған жобаларды іске асырудамыз. Көкшетау қаласы бойынша автокөлік шеруі, «дөңгелек үстелдер» және жастар ұйымдары белсенділерімен кездесулер сияқты бұрын өткен іс-шаралармен бір қатарда біз ЖОО студенттеріне арналған EXPO тақырыбы бойынша киновикторина өткіздік. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыра отырып, біз аталған тақырыпқа шынайы қызығушылықты байқап отырмыз», - деп атап өтті Ақмола облысы бойынша «Болашақ» корпоративтік қорының директоры Жасұлан Шағыров.