Көкшетауда Ғалым Елемесовтің 90 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда ҚазССР бас прокуроры Ғалым Елемесовтің 90 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстықпрокуратурасы ғимаратының алдында ұйымдастырылған шараға Қазақстан РеспубликасыБас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі ЕрмекМаржықпаев, Ғалым Елемесовтің туған-туысқандары, замандастары және әріптестеріқатысып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

ҚР Бас прокурорыныңорынбасары Марат Ахметжанов ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтың осы шарағаарнайы жолдаған хатын оқып берді.


«Өткенсіз болашақжоқ екенін баршамыз білеміз», - деп айтты аймақ басшысы Ермек Маржықпаев. –«Бүгін біз танымал тұлғаны еске алып отырмыз. Бүгінгі таңда Көкшетау қаласындаҒалым Елемесов атындағы көше мен еңселі ескерткіші бар. Ол өзінің білімі,талапшылдығы және адалдығының арқасында бүкіл республикаға абыройлы болабілді».


Айта кетейік, ҒалымБәжімұлы 1989 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Заңгерлік институтынбітірген соң өзінің еңбек жолын 1951 жылы Көкшетау қалалысының прокуратурасындабастап, бірқатар жауапты лауазымды қызметтерді атқарған. Көкшетау және Семейөңірлерінде облыс прокурорының орынбасары болған. 1975 жылы СССР Жоғарғы сотыныңмүшесі болып сайланып, кейін Қазақ ССР Жоғары сотының төрағасы қызметінетағайындалған. Қазақ ССР Бас прокурорыболып жүрген кезінде де өзіне жүктелген жауапты міндетті абыроймен атқарабілді. Ол ұзақ жылғы ерен еңбегі үшін бірқатар мемлекеттік наградаларменмарапатталған.

Соңғы жаңалықтар