Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің «Ақмола облысы аумағында коронавирустық инфекциясын алдын алу мақсатында карантиндік шараларды күшейту туралы» 14.06.2020 жылғы №73 қаулысына сәйкес қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 10:00-16:00 қабылдайтын болады.
«Осыған байланысты Көкшетау қаласының тұрғындары қызмет көрсету бөлімдерінде қызмет алу үшін алдын ала сағат 15:30 кезекті брондауы керек. Одан кейін брондау жарамсыз деп есептеледі. Аршалы, Астрахан және Целиноград ауданындағы ХҚО осындай режимде жұмыс істейді. Ал, басқа аудандардағы қалған бөлімдер азаматтарды 9:00-17.00 жұмыс істейді», - деп толықтырды мемлекеттік корпорациядан
Айта кетейік, коронавирус инфекциясының таралауы жиілеп кетуіне байланысты маусымның 15-і кешкі сағат 20:00 бастап Көкшетау қаласында 7 блокпост қайтадан қойылып, карантиндік шектеу шаралары күшейтілді.