КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 20 жастағы Айшолпан Сыздықова табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, бойжеткен жергілікті қонақ үйден табылған.
«Жедел-іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері қыркүйектің 28-де кешке қарай жоғалған қызды Көкшетау қаласындағы қонақ үйлердің бірінен тапты. Бойжеткен отбасылық түсініспеушіліктен үйінен кетіп қалған. Оған қатысты заңға қайшы әрекет жасалмаған және оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - дейді ведомстводан.
Еске сала кетейік, 28 қыркүйек күні Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 20 жастағы қызға іздеу жарияланған болатын.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.