Көкшетауда кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталық ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда кәсіпкерлерге қызмет көрсететін «Атамекен» орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Қала әкімдігінің жанынан орын тепкен орталық «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Орталықта бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есеп, маркетинг, кедендік рәсімдер, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік және ақпараттық технологиялар салалары бойынша тегін қызмет көрсетілмек.

  

«Орталықта лицензиялау және қаржыландыру бойынша қолдау жасалады. Мемлекеттік сатып алу мен заң мәселесі жөнінде кеңес беріледі. Әртүрлі бағыттағы бизнестің негізі оқытылады», - деді орталықтың ашылу рәсіміне қатысқан өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Сұлтанов.