Көкшетауда кәсіптік бағдар беру бойынша үйлестірушілер семинары ұйымдастырылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда кәсіптік бағдар беру бойынша үйлестірушілер семинары ұйымдастырылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі, облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 "Арна" Көкшетау колледжінде "Кәсіби бағдар қызметінде кешенді тәсіл жұмысы тұлғаның табысты әлеуметтенуінің шарты ретінде» тақырыбымен өткен семинарға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов мен колледж, қалалық, жəне аудандық білім беру бөлімдерінің үйлестірушілері  қатысты. Семинар барысында кәсіби бағдар қызметі бойынша үйлестірушілердің есептік баяндамалары тыңдалды.Оқу жылының 1 жартыжылдығы бойынша жасалынған есептер үйлестірушілердің мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар оқу-ағарту қызметі бойынша біршама жұмыстар атқарылғанын  көрсетті. Мектеп оқушыларына арналған сауалнама, өзін-өзі кәсіптік жағынан анықтау  тестілері әзірленген.  Облыстың оқу орындарында кәсіби бағдар бұрыштары, кеңес беру пункттері ашылды. Облыс колледждері өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп аудандардың мектептерінде ТжКБ ұйымдарында оқытатын мамандықтар туралы баяндайтын стендтер орналастырылды. Мектеп және кәсіптік бағдар беретін  колледждермен бірлескен жұмыстар жүргізілуде.  

 Семинардың 2-ші бөлімінде үйлестірушілер өзара практикалық тәжірибе алмасты. Мектеп үйлестірушілері орта білім беру ұйымдары оқушыларының арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын  ұйымдастыру туралы айтып берді.  Өз кезегінде колледж үйлестірушілері ТжКБ ұйымдарының педагогтарымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын  ұйымдастыру, жүргізу тәсілдері мен формалары бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.                                     

"Семинар кезекті рет жастармен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын  жүргізудің маңыздылығын, кәсіби бағдар қызметінің жаңа әдістерін енгізудің өзектілігі мен қажеттілігін көрсетті. Әлеуметтік педагогтар, психологтар, өндірістік оқыту шеберлері, оқытушылар, білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары өздерінің кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша тәжірибе жұмыстарымен  бөлісті", деді Валерий Гамазов өз сөзінде.