Көкшетауда қаза болған полицей әйелге ескерткіш тақта орнатылды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан полиция подполковнигі Ботагөз Бижанованың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегінше, Ақмола облысының ПД емханасы орналасқан госпитальгеорнатылған ескерткіш тақтаның ашылуына облыстық ПД бастығы Берік Билялов пендепартаменттің жеке құрамы және Ботагөз Мағазқызының туған-туыстары, бұрынғыәріптестері қатысты.

Жиында Ақмола облысының ПД бастығы Берік Билялов сөз сөйлеп,Ботагөз Бижанованың азаматтық ұстанымы мен кісілік келбетін, қызметіне дегенадалдығын, санаулы да ғибратты ғұмырын тілге тиек етті.

«Анамды ұмытпай, еске алып, осындай құрмет көрсетіпжатқандарыңызға шынайы алғысымды білдіремін», - деді марқұмның қызы ДинараЕралықызы.

Айта кетесек, БотагөзМағазқызы 1961 жылы шілденің 18 күні Целиноград облысының Есіл ауданындадүниеге келген. 1978 жылы Арқалық қаласындағы нөмері 4 орта мектепті, 1978-1985жылдар арлығында Қарағанды медициналық интитутын «Емдеу ісі» бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын қалалық поликлиникадаучаскелік дәрігер болып бастаған. КейінІшкі істер департаментінде әртүрлі лауазымда қызметтер атқарған.

Өкінішке қарай,2001 жылы 28 маусымда өз үйінің кіре берісінде оған қастандық жасалып, қазатапты. Артынша күдіктілерұсталып, тұтқындалады.