Көкшетауда қазақ тазысы мен асыл тұқымды төбеттердің көрме-байқауы өткізілді

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда қазақ тазысы мен асыл тұқымды төбеттердің бірінші республикалық көрме-байқауы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараны «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестігі мен аңшылық шаруашылығы субьектілерінің республикалық қауымдастығы, Ақмола облысының әкімдігі және Ауыл шаруашылығы министрлігі бірлесіп, ұйымдастырып отыр.

Жеті қазынаның бірі саналатын  асыл тұқымды төбет төрт түлік малды түз тағыларынан қорғаса, құмай тазыны қазақ халқы ежелден аңшылыққа пайдаланған.  Бүгінде көненің көзіндей болған сол асыл тұқымдылар жойылмай, сақталып келе жатқан жайы бар. Дүбірлі додаға Республиканың түкпір-түкпірінен 100-ден аса тазы, төбет,  спаниель, батыс-сібір лайкасы, дратхаар, ягдтерьер сияқты иттер əкелінді.

Жарыс талабы бойынша иттер бірнеше сынақтан өткізіліп, ең үздіктерінің иелері арнайы диплом, кубок жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында 70 жуық адам асыл тұқымды ит асыраумен айналысады.

Соңғы жаңалықтар