Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қалалық Полиция басқармасының «102» арнайы желісіне облыс орталығының тұрғыны, 40 жастағы әйел арызданған. Әйелдің сөзінше, түнгі уақытта белгісіз біреулер оның қызмет көрсету стансасына қалдырған «Хюндай Элантра» көлігін айдап кеткен.
«Осыған байланысты ҚР ҚК 200 бабының 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары көлікті аталмыш техникалық қызмет көрсету стансасының жұмысшысы ұрлағанын анықтады. Жедел-іздестіру шарасы кезінде «Әскер-4» экипажның қызметкерлері күдіктіні Көкшетау қаласының Абай көшесі бойында ұрлаған көлікте ұстады», - деді ведомстводан.
Анықталғандай, 36 жастағы күдікті қолға түскен кезде алкогольдік масаң күйде болған.
«Ұрланған көлік иесіне қайтарылды. Күдіктіге қатысты «Шақырғанда келіп отыру» процессуалдық міндеттеу шарасы қолданылды», - деп толықтырды ведомстводан.