Полицейлердің мәліметі бойынша құқық қорғау органдарына жергілікті тұрғын, 1988 жылғы азаматша хабарласып, қоғамдық көліктің ішінде белгісіз біреудің оның қаласындағы «Самсунг-Галакси» ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтып шағымданған. Осылайша, оған баукеспе ұры 75 мың теңге шығын келтірген.
Жедел-іздестіру шарасы барысында 1980 жылы туылған Қостанай қаласының тұрғыны қолға түсті.
Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК 188 бабының 2 бөлімі (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, оның бұрын сотты болғаны да белгілі болып отыр.