Көкшетауда көлік ішінде қысылып қалған ер адам құтқарылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда құтқарушылар жол апатынан аяғы сынып, көліктің ішінде қысылып қалған ер адам құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға «Көкшетау-Краснояр» жолында болған.

«Mitsubishi» және «Daewoo» көліктерінің соқтығысқан кезде қысылып қалған, 35 жастағы ер адам құтқарылды. Ер адамның қатты соққыдан аяғы сынып, есінен танып қалған», - дейді ведомстводан.

Құтқарушылардың жедел қимылының нәтижесінде құтқарылып, ауыруханаға жеткізілді.