Көкшетауда көлік әйелді қағып өлтірді — оқиға видеоға түсіп қалған

АСТАНА. KAZINFORM — Көкшетау қаласының Сарыарқа шағын ауданындағы аулалардың бірінде адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желілерде 9 мамыр күні Көкшетаудың бір шағын ауданында болған жол-көлік оқиғасы түсірілген видео тарады. Кадрдан көлік аулаға кіріп келе жатып, жаяу келе жатқан әйелді қағып, үстінен басып өткенін көруге болады. Одан кейін көліктен әйел жүргізуші мен жолаушылар жүгіріп шыққан.

Еске салсақ, елордада 1,8 жасар бүлдіршінді көлік қағып кетіп, қаза тапқанын жаздық.