Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт шыққан пәтердің иелері үйінде болмағандықтан өртті сырттан сөндіруге туралы келді.
«Өрт Боровской шағын ауданындағы 66 мекен-жайы бойынша орналасқан көп қабатты үйдің балконынан шықты. Қызыл жалын 12 шаршы метр аумақты шарпыды. Оған ТЖД жеке құрамынан 20 адам мен 6 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Пәтер иелері үйде болмағандықтан өрт сөндірушілер автосатыны пайдаланып, өртті сырттан сөндірді», - деді ведомстводан.
Сонымен бірге, осы үйден 35 адам баспалдақтың көмегімен эвакуацияланды. Жедел әрекет етудің нәтижесінде өрт сағат 12:30-да ауыздықталды.
«Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», - деді Көкшетау қалалық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Максим Шатковский.