КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 80-қа жуық тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.
Өрт «Жансая» шағын ауданындағы 9 қабатты жаңа тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен шықты.
«Тілсіз жауды ауыздықтауға Көкшетау қалалық ТЖБ жеке құрамынан 18 қызметкер мен 4 арнайы техника тартылды. Оқиға орнынан 80-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды», - деп түсіндірді Р.Иманқұлов ҚазАқпарат тілшісінің сауалына.
Өрт сөндірушілердің алдын ала мәліметі бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.