КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 30 адам эвакуацияланды, оның 10-ы балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, өрт бүгін мамырдың 11-де Буденный көшесі 60 мекен-жайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған. Өрт туралы сағат 04:18 хабарланды.
«Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. Одан 30 адам эвакуацияланды, оның 10-ы балалар. Тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық ТЖД жеке құрамынан 22 адам және 6 өрт сөндіру техника жұмылдырылды. Өрт сағат 04:40 ауыздықталып, 04:48 сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деді ведомстводан.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.