Оған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мен жергілікті атқарушы органдары және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-нің филиалдары қатысты.
Ақмола облыстық ішкі сясат басқармасының мәліметіне қарағанда, жәрмеңкеде азаматтар ең талап етілетін мемлекеттік қызмет көрсету салаларында, оның ішінде - жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік саласы, көші-қон қызметі, консультативті-әдістемелік бойынша көмектер алды.
Жәрмеңке қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш берген азаматтардың саны шамамен 100 адамды құрады. Электрондық түрде 40 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетуін электрондық түрде тартуға кең ауқымды акция өткізіліп, электрондық үкімет веб-портал арқылы бойынша мемлекеттік қызмет түрін алу үшін азаматтарға оқу курстары ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеде тұрғындардың пікірлері ескеріліп, алдағы уақытта одан әрі жалғастырылатын болды.