КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ҚР Еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Манарбек Бексейітовтің құрметіне мемориалды тақта ашылды. Гагарин көшесінің бойындағы №54 үйдің қабырғасына орнатылған тақтаның ашылуы салтанатына өнер иесінің туған-туыстары, бұрынғы әріптестері, ізбасарлары мен зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Жиында Көкшетау қаласының құрметті азаматы, денсаулық сақтау ісінің ардагері Болат Жанәділов, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова сөз сөйлеп, Манарбек Қасымұлының азаматтық ажары мен кісілік келбетін, ұлағатты ұстаздық жолын, ғибратты ғұмырын тілге тиек етті.
Сонымен қатар, осы күні облыстық филармонияда «Қалдырған ізі мәңгілік» атты естелік кітаптың тұсаукесері болып өтті.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.