Оған соғыс және еңбек ардагерлері, Көкшетау қаласының құрметті азаматтары, депутаттар, облыстық ведомстволар, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Жиналғандар Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір өткелдері мен қызметтік баспалдақтары жайлы сыр шертетін бейне фильмді көріп, тамашалады.
Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров құттықтау сөз сөйлеп, парасаты мол, пайымы жоғары Елбасының асқақ тұлғасы жайлы ақтарыла баяндап берді.
Шара барысында ол осы айтулы мерекеге орай, әр салада мол жетістікке жеткен бір топ ақмолалыққа облыс әкімінің алғыс хаттарын табыс етті.
Шара мерекелік концертке ұласты.