Нысанның ашылуына аймақ басшысы Мәлік Мырзалин, ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов және құқық қорғау органдарының басшылары мен ардагерлері қатысты.
Орталықтың негізгі міндеті - шағымдарды жедел шешу, азаматтардың құқық қорғау және мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, әкімшілік кедергілер мен бюрократияны жою. Орталықта әкімдік, құқық қорғау органдары, пробация, әділет, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері, адвокаттар мен медиаторлар қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, орталықтың кіреберісінде рецепшн, қызмет түрі мен кезек санын анықтайтын арнайы терминал, күту залы және клиенттердің балалары ойнайтын орын да қарастырылған.