Облыстық прокуратураның мәліметінше, қайғылы оқиға 26 қазанда болған. Әулиекөл аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Күдікті сол күні ұсталған. Оның әрекеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Кәмелетке толмаған адамды өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр. Сот оны қамауға алуға санкция берді.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу Қостанай облыстық прокуратурасының бақылауында. Тергеу мүддесі үшін істің қосымша мәліметтері құпия сақталып отыр.
Бұған дейін Қызылордада Қызылордада жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған едік.