Көкшетауда Қырғызстаннан Қазақстанға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мәселелері талқыланды

БІШКЕК. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Ақмола облысының әкімі Альберт Рау шілденің 13-інде Көкшетауда Қырғыз Республикасының Қазақстандағы елшісі Жаныш Рүстенбековпен кездесу өткізді,

деп  хабарлайды        қырғыздың  «Кабар»  ұлттық  ақпараттық  агенттігі.

Кездесуде   Қазақстанның   Ақмола облысы мен  Қырғызстан    өңірлерінің арасындағы  сауда-экономикалық   ынтымақтастық мәселелері  талқыланды.   Сондай-ақ,  Қырғызстанның   оңтүстік  облыстарында  өндірілетін   ауыл шаруашылығы  өнімдерінің    Қазақстанның  солтүстік өңірлеріне  тікелей жеткізілімін ұйымдастыру  үшін  «Жасыл дәліз»   жүйесін  құру   жолымен     жеміс-көкөніс   нарығындағы   ынтымақтастықты кеңейту  мәселелері     сөз болды.

Сапар барысында Елші Ж.Рүстенбеков      аймақтағы   қырғыз диаспорасының  өкілдерімен де кездесті.