Ақмола облыстық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, оқу-жаттығуға аталмыш штабқа кіретін жергілікті құқық қорғау және мемлекеттік органдар қатысуда.
Штаб өкілдері өткізіліп жатқан шараларға және туындауы мүмкін уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырды.
«Шараның басты мақсаты- терроризмге қарсы іс-қимылды өткізу кезінде күштер мен құрал-жабдықтардың дайындығын ұдайы қамтамасыз ету. Террористік актінің жолын кесуде ведомствоаралық әрекетті арттырып, әскери қабілет пен іс-қимыл алгоритмін пысықтау», - делінген баспасөз хабарламасында.