КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдегі лифті өртеніп, 22 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола облыстық ТЖД мәліметі бойынша оқиға 13 қарашада түнгі уақыт 22:30 шамасында Васильковка 35 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған.
«Төтенше жағдайдың салдарынан 22 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның ішінде жетеуі балалар. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуына лифтінің электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды», деп түсіндірді Ақмола облыстық ТЖД ресми өкілі Думан Дəлешов.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.