Көкшетауда Мақтай Сағдиевтің 90 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында танымал мемлекет және қоғам қайраткері Мақтай Сағдиевтің 90 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Мақтай Рамазанұлы өзіне тән қажыр-қайратпен және іскерлікпен кеңесжәне партия және шаруашылық органдарының жұмыс стилі мен әдістерін жетілдіреотырып, жастарды тәрбиелеу және оқыту, халық денсаулығын қорғау, олардыңмәдени-тұрмыстық мұқтаждығын қанағаттандыру проблемаларымен ыждағатпен айналысты, мұның барлығы зор ерлікті,табандылықты, дипломатиялық шеберлікті талап етті. 1985-1989 жылдары МақтайСағдиев Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеді және бұл облысты Қазақстандағы алдыңғы орындардың біріне шығарды. Бұдан кейінол Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы, ел Президентінің кеңесшісіболды, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі, Жоғарғы Кеңестің, ПарламентМәжілісінің депутаты болып сайланды. 1991 жылдың соңында Мақтай Сағдиев ҚРАрдагерлер кеңесін құрып, оған соңғы кездерге дейін басшылық етті. Бұдан басқаҚазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, Президент жанындағы сыбайласжемқорлықпен күрес және мемлекеттікқызметшілердің қызметтік этикасын сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттіккеңес төрағасының орынбасары, елПрезиденті жанындағы ұлттық кеңестің мүшесі болды.


Кездесуде Мақтай Рамазанұлын әріптестері, достары жәнетуғандары еске алып, оның өмірі менеңбек жолы, адамгершілігі туралы жылы лебіздерін білдірді.

Шара соңында жиналғандарға Мақтай Сағдиевтің еңбегі, фотосуреттері, әріптестері мен достарының естеліктерінен құралған «МақтайСағдиев. Өнегелі өмір» атты кітап үлестірілді.


Танымал мемлекет және қоғам қайраткері Мақтай Сағдиевтің есіміақмолалықтардың жадында сақталып қалды. Өткен жылы оның есімі Көкшетауқаласының көшесіне берілді.


Соңғы жаңалықтар