Ведомствоның мәліметі бойынша, өңірде мемлекеттік қызметшілердің халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуде тікелей байланысын азайту бойынша жұмыстар атқарылуда. Осы мақсатта Көкшетауда мемлекеттік қызмет оператордың көмегінсіз көрсетілетін автоматтандырылған цифрлы ХҚО ашылды. «Connection point» - бұл клиенттердің ХҚКО қызметкерінің қызметін қолданбай, операциялық залда кезекті тоспай, ХҚКО бөлімдерінде өз бетінше электрондық қызметті ала алатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторы. Мұнда қажетті анықтамалар алуға болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы тұрғындарды электронды форматта қызмет алуға үйретуге дайын екенін атап өтті. Ол үшін оқытатын арнайы сынып жұмыс істейтін болады. Онда кез келген адам электронды үкімет порталында жұмыс істеуді және мемлекеттік қызмет алуды үйренеді.
«Цифрлы ХҚО-ның ашылуы азаматтарға өз бетінше электронды үкімет порталы арқылы қызмет алуға мүмкіндік береді. Бұл тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының артуына оң әсер етеді», деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов.