Көкшетауда нөсер жаңбырдан 20 тұрғын үйді су басты
15:31, 30 Шілде 2022
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау қаласында нөсер жаңбырдан 20 тұрғын үй мен 60 ауланы су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел штаб құрылды. Жаңбыр суларын сору, сондай-ақ қажет болған адамдарға көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде.
«Су сору жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 40 адам және 20 мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардан 10 адам, 4 ассенизатор, 1 экскаватор жұмылдырылған. Қазіргі уақытта су басқан 20 тұрғын үйден су сорылды, 3 үйде бұл жұмыстар жалғасуда. Жалпы, қазіргі уақытта қала бойынша 6300 текше метр су сорылды. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істеуде. Зардап шеккендер жоқ», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Степногор қаласында да 200 текше метр су сорылғанын жазған едік.