Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел штаб құрылды. Жаңбыр суларын сору, сондай-ақ қажет болған адамдарға көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде.
«Су сору жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 40 адам және 20 мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардан 10 адам, 4 ассенизатор, 1 экскаватор жұмылдырылған. Қазіргі уақытта су басқан 20 тұрғын үйден су сорылды, 3 үйде бұл жұмыстар жалғасуда. Жалпы, қазіргі уақытта қала бойынша 6300 текше метр су сорылды. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істеуде. Зардап шеккендер жоқ», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Степногор қаласында да 200 текше метр су сорылғанын жазған едік.