Көкшетауда облыстық балалар ауруханасынан 48 адам қауіпсіз аумаққа шығарылды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында жұма күні кешқұрым, үш қабатты облыстық балалар ауруханасының жертөлесіндегі бөлмеден өрт шықты, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нан.

Өрт 17 минуттан кейін сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 18 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды. 48 адам, оның ішінде 26 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.