«Оқжетпес» ФК баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2017 жылдың жаз мезгілінің соңына дейін алаңның табиғи жабыны жасанды газонмен алмастырылады.
Жөндеу жұмыстарын «АстГражданПроект» мердігер компаниясы жүргізуде. Учаске бастығының айтуынша, алаңның жабыны ауыстырылғаннан кейін, футболды кез келген ауа райында ойнауға болады.
Футбол алаңы соңғы рет 2009 жылы жөндеуден өткен.