Көкшетауда «Open air!» форматындағы көрмеге 90-нан астам туынды қойылды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы орталық қалалық саябақта  «Алтын қазына» сəндік қолданбалы өнер туындыларының облыстық көрме-байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Open air»! форматында өткізілген көрменің мақсаты қолданбалы өнер көшпенді өмір салтымен, дәстүрлермен, қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты екенін және қайнар көзі мыңдаған жылдардан бастау алатын ұлттық мәдениеттің дамуын көрсету.

Шараға Ақмола облысының білім басқармасы мен шығармашылық жағынан дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша облыстық орталығы ұйытқы болды.

"Байқаудың ауқымы жылдан жылға кеңейіп келеді. Биылғы жылдың өзі байқауға барлығы 90-нан астам шығармашылық жұмыс қойылды", - деп атап өтті Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Талғат Жүнісов.

 

 

Соңғы жаңалықтар