«Әр бала Аяз атаның қолынан сыйлық алуды армандайды. Алайда, мұндай мүмкіндік баршасында бола бермейді. Өкінішке орай, Ақмола облысының кейбір кішкентай тұрғындары мерекені ауруханаларда қарсы алуға мәжбүр. Балалардың көңіл-күйін көтеру үшін ТЖД қызметкерлері облыстық балалар ауруханасының пациенттеріне ертегі кейіпкерлерінің костюмдерімен келді», делінген хабарламада.
Аяз ата мен Ақшақар үшінші қабатқа автосатымен көтеріліп, балаларға сыйлықтарын табыстау барысында тезірек сауығып кетуін тіледі. Іс-шара «Доброе сердце» еріктілерімен бірге өтті.
«Біреулер Аяз ата ат немесе бұғы мініп жүреді деп ойлайды, ал бүгін бізге оның өрт сөндіру машинасымен келгені ерекше болды», - дейді аурухана қызметкерлері.
Сонымен қатар, өрт сөндірушілер Жаңа жылды қауіпсіз өткізу мақсатында облыстық балалар ауруханасында өрт-техникалық сабақтарын өткізді.