Инстаграм əлеуметтік желісінде тараған видеодағы жазбаға қарағанда оқиға бүгін болған. Қылшақты өзенінің бетіндегі мұз опырылып, бала суға түсіп кеткен. Абырой болғанда, баланың шырылдаған дауысын сол маңдағы адамдар естіп көмекке келді.
Жас жігіттердің бірі белуарадан мұздай суық суда арқанның ұшын ұстап тұрса, екеуі кеудесіне дейін су кешіп баланы жағаға алып шықты.
Жігіттердің ерлігіне желі қолданушылар риза болып, алғыстарын білдіруде.
Ал, ТЖД бұл оқиғаға байланысты ешқандай мəлімет берген жоқ.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от КОКШЕТАУ КЗ ЛЮДИ НОВОСТИ (@kokshevideogram) 3 Ноя 2018 в 4:37 PDT