Көкшетауда полиция мотоцикл жүргізушісінен 5 келіден астам марихуана тәркіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Патрульдік полицейлер қызмет барысында есірткінің ірі партиясын заңсыз сақтау фактісінің жолын кесті. 

Фото: polisia.kz

Красный Яр ауылында полицейлер мотоцикл жүргізушісін тоқтатты, оның мінез-құлқы күдік тудырған.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары есірткіге мас болуының ықтимал белгілеріне назар аударды. Мән-жайды анықтау кезінде ер адам тыйым салынған заттың бір дозасын өз еркімен берді.

Полиция қызметкерлерінің жұмысы одан әрі жалғасты: құқық бұзушының тұрғылықты жерін тексеру кезінде 8 қап пен 6 қапшық табылды, болжам бойынша ішіндегі зат — марихуана. Алдын ала мәліметтер бойынша, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 5 келіден асады.

Алынған заттар сот сараптамасына жіберілді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетелік Алматыда 20 жастағы курьерден 2,5 келі есірткі тәркіленген еді