Көкшетауда Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдері сайлаушылармен кездесті

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көкшетауда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдері Ақмола облысы этномәдени бірлестігінің өкілдері, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараны Сәдібек Түгелдің сенімді өкілі Бақыт Мұхамедрахимова -Тасова ашты.

Ол кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Ал Көкшетау қаласы бойынша «Ұлы Дала қырандары» РҚБ төрағасы Құмарғали Жайымов үміткердің қызметтері жайында айтты.