Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
28 мамыр күні Көкшетау қаласында Буденный көшесінде орналасқан «Бурабай» спорт сарайындағы саунадан өрт шықты. Тілсіз жау 4 шаршы метр аумақты жайпады. Оқиға орнынан 10 қызметкер қауіпсіз аумаққа көшірілді. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ.
Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақмола облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 20 маманы мен 7 техникасы жұмылдырылды.