КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 10 күн бұрын із-түзсіз жоғалған 15 жастағы Екатерина Алпутова іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Екатерина Алпутова 2018 жылғы 28 қазанда Көкшетау қаласында жоғалған. Қыз үйінен осыған дейін үйінен кетіп қалып жүрген. Жасөспірімнің бойы 170-175 см, шашының түсі көкке боялған, көзі ақшыл-сұры. Маңдайының оң жақ тұсында меңі бар.
Облыс орталығы мен қала маңындағы елді мекендерде іздестіру шарасына қатысып жатқан полицейлер мен еріктілер Екатеринаны көрген және жүрген жерін білген адам болса, хабарласуын сұрайды.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.